Mazir
18 окт 11:14korilim:443 Жаңалықтар

Ақылы автотұрақтардың экс-басшыларын қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

«Алматы спецтехпаркинг сервис» ЖШС бұрынғы директоры Марат Принбеков пен «AlanParking» ЖШС бұрынғы бас директоры Мұхтар Базарбаевты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының хабарлауынша, 2022 жылғы 14 қазанда сот қаулысымен тергеу органдарының Принбековке қатысты қамауда ұстау мерзімін 15 қарашаға дейін 7 айға ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды», - деп мәлім етті Алматы қаласы сотының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, қаланың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты 2022 жылғы 23 қыркүйекте тергеу органдарының Базарбаевқа қатысты қамауда ұстау мерзімін 7 айға, яғни 26 қазанға дейін ұзартуға санкция беру туралы өтінішін қанағаттандырған.

Айыпталушыларды қамауда ұстау мерзімі бұған дейін де ұзартылған болатын.

Еске салсақ, «Alan Parking» ЖШС директоры Мұхтар Базарбаев 14 сәуір күні екі айға қамауға алынды. «Алматы спецтехпаркинг сервис» ЖШС директоры Марат Принбеков та қамауда отыр.

25 сәуірде «Алматы спецтехпаркинг сервис» ЖШС-нің 70% мөлшеріндегі үлесін және «Alan Parking» ЖШС-нің 100% үлесін қала меншігіне қайтару туралы ұсыныс түсіп, ақылы автотұрақтар қаланың коммуналдық меншігіне өз еркімен қайтарылғаны хабарланған.

Айта кетейік, Алматыда ақылы автотұрақ жүйесі алғаш рет 2016 жылы енгізілді.


Басу
lasuna without prescription - buy himcolin pills purchase himcolin pill

order cambia online - cambia us where can i buy aspirin

rumalaya online - order rumalaya for sale buy amitriptyline 50mg without prescription

order mestinon 60mg online cheap - order pyridostigmine pills buy azathioprine 25mg online cheap

Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: