Иманбек тағы бір жүлде жеңіп алды
17.09, 09:49
Ренат Гайсин: Оған арнаған әндерімнің барлығы махаббаттан туған
06.12, 21:23
Ернар Айдар: Тергеу жұмыстары әділ өткенін қалаймын
29.04, 09:34
Коронавирус жұқтырған Лещенконың халі нашар
26.03, 18:24
«ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағы үшін қандай жеңілдіктер беріледі?
20.01, 17:29
АҚШ президенті Дональд Трамптың рекорды...
15.12, 21:04
Мақпал Жүнісова әкімнен алған төсбелгісін көрсетті
14.12, 02:00
Қос Димаш Нью-Йоркте кездесті (видео)
12.12, 10:31
Мәдина Сәдуақасова: Тойдың ертеңінде-ақ күйеуім шарт қойды
16.06, 10:26
Айгүл Иманбаева: Бір жылдан қалмаймын-ау...
15.06, 10:34

Өскемен қаласында зираттарды бүлдірген екі ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Өскеменде тәртіп сақшыларына зираттағы вандализм фактісі туралы ақпарат түскен.
«Белгісіз біреулер «Аблакетка» шағын ауданындағы зиратқа зақым келтірген. Жедел іздестіру шараларын жүргізген полиция қызметкерлері күдіктілердің кім екенін анықтады. 23 және 30 жастағы екі ер адам полиция бөлімшесіне жеткізілді», - делінген ақпаратта.
Анықталғандай, олар бұрын да зираттар орналасқан басқа жерлерде байқалған. Ұсталғандар өз кінәларын мойындап отыр. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 294-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Олардың зиратты не себепті бүлдіргендері әзірге белгісіз.
Басу