Mazir
01 июн 17:48korilim:1 138 Жаңалықтар

ДАҚПЫРТ + ДАНИАЛ және НАУҚАН мен СОЙҚАН


                                             Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың видеоүндеуі әлеуметтік желілерде белсенді тарап жатыр.
Оған себеп соңғы үш-төрт күннің бағдарында "Күршім сатылып кетіпті. Қытайлар жалға алып қойыпты. Аудан көшіп жатыр екен" деген ДАҚПЫРТ.
Әлеуметтік желідегі ДАҚПЫР-та ер-әйелдердің дауысымен қарапайым жұртқа барынша сенімді сөйлеп жатты. Әрине, қарсы ақпарат таратып, теріске шығарған аудиолар да болды. Біз кәнігі ақпаратшы ретінде оған мән бере қойғанымыз жоқ. Себебі, шекараның дәл түбіндегі Күршімді аудан бойынша сатып жіберуге ешқандай әкімнің де, сенатордың да дәті бара қоймас, сайлау кезіндегі әдейі шығарылған сойқан ғой дегенбіз.
Кешелі-бүгін облыс басшысы Даниал Ахметовтың видео жариялап ешқандай жердің сатылмағанын, сатылмайтынын және жалға да берілмейтінін айтқаны жөн болды дедік.
Біздің әкім мораториядан бұрын 15 мыңдай гектар жер жат елге берілгені жайлы бірер факті келтіре кетті. Естуімізше Бесқарағайдың жерін ҚЫТАЙЛАР алыпты.
Хош дейік, осыдан сәл бұрын САЙЛАУ науқанымен бірге тағы бір СОЙҚАН xабар тараған.
Сайлау науқаны басталып үгіт-насихат қызып жатқан шақта "Шығыс Қазақстанда Қытаймен бірлескен тауық фермасы салынады екен. Ол фермаға 40 мың гектар жер беріледі екен" дегенді. Шығыстағы салиқалы сайттардың бірінен көргенбіз. Бұның да анық-қанығына бармағасын үнсіз қалғанбыз.
Дегенмен Даниалдың 2018 жылы Үрімшіге барып, ондағы қазақтар мен ұйғырларға тізесін батырып жатқан Чың Чанго деген провинция хатшысымен қол алысып тұрған суреттерін көргенбіз.
Көрші ел болғасын аймақ басшылары кездесіп, шекаралық сауда қарым-қатынас мәселесін талқылап жатқан шығар. Үлкен саясатпен шаруасы жоқ кіші басшылар ғой деп, ол жақтағы қазақтар туралы ештеңе демегенін елемегенбіз.
Ал, сайлау НАУҚАНЫМЕН тауықтың шақырған дауысы – "Тауық фермасы + 40 мың гектар жер» туралы ақпаратты көргенде көңілімізге күдік туған.
Осы жолы Даниал үш-төрт күндегі WhatsApp меccенджерінде тараған жалған ақпарат туралы айтты. Ал, жаңағы тауыққа беретін 40 мың гектар жер жайлы СОЙҚАН-ды теріске шығарған жоқ.
Соған қарағанда науқан мен жер дауына байланысты сойқан қатар кете беретін сияқты.
Науқанды қоя тұрып, жер дауына араласамыз-ау шамасы.
«Байрағыңды» тік ұста!
Сілетемені қараңыз: https://altaynews.kz/kz/40-myin-gektar-zher-bolemiz-shko-da-tagyi-bir-kus-fabrikasyi-salyinuyi-mumkin-37580.html
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз:
Janalyqtar toptamasy
Қазақстанда жаңа мереке пайда болады12:47Тоқаев: Әлихан бастаған қазақ зиялылары ұлттық мүдде жолында аянбай еңбек етті11:30Коронавирустан жазылғандар саны 200 мыңнан асты10:00Қостанай облысында ерлі-зайыпты зейнеткерлер өлі табылды18:39Мамин Chevron басшылығымен кездесті16:34Ескі кірме сөздерді латынграфикалы қазақ әліпбиімен жазу жайында16:00Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілінің емле ережелері – мамандар талқылауынан өткен нұсқа15:30Алтынбек Нухұлы төлқұжатты Наурыз мерекесінде табыстауды ұсынды14:48Сенатор кітапхана қызметкерлерінің жалақысын көтеруді ұсынды13:45Абзал Бейсенбекұлы ҚР Қаржы министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды12:37Қазақстан: Балаларды қашықтан оқыту үшін 442 млрд теңге жұмсалған11:35Қазақстанның жеті аймағында жолдар жабылды10:03Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевті 90 жасқа толуымен құттықтады17:35Пара туралы хабарлаған қазақстандықтарға 34 миллион теңге беріледі16:53Қазақстанда әр отбасының цифрлық картасы құрылады15:46