Иманбек тағы бір жүлде жеңіп алды
17.09, 09:49
Ренат Гайсин: Оған арнаған әндерімнің барлығы махаббаттан туған
06.12, 21:23
Ернар Айдар: Тергеу жұмыстары әділ өткенін қалаймын
29.04, 09:34
Коронавирус жұқтырған Лещенконың халі нашар
26.03, 18:24
«ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағы үшін қандай жеңілдіктер беріледі?
20.01, 17:29
АҚШ президенті Дональд Трамптың рекорды...
15.12, 21:04
Мақпал Жүнісова әкімнен алған төсбелгісін көрсетті
14.12, 02:00
Қос Димаш Нью-Йоркте кездесті (видео)
12.12, 10:31
Мәдина Сәдуақасова: Тойдың ертеңінде-ақ күйеуім шарт қойды
16.06, 10:26
Айгүл Иманбаева: Бір жылдан қалмаймын-ау...
15.06, 10:34

11 шілде күні Тараз қаласында «Қазфосфат» минералды тыңайтқыштар ЖШС Жамбыл филиалы күкірт қышқылы цехында авариялық жағдай орын алған болатын. Осыған байланысты Экология министрлігі қосымша ақпараттар таратып отыр.
Зауыттың ақпаратына қарағанда, абсорбердің моногидратты сорғысы істен шыққан. Нәтижесінде газ (күкірт триоксиді) тараған.
«Болған апат туралы жедел ақпарат алған Жамбыл облысы бойынша экология департаментінің басшылығы мен зертханалық талдау бөлімінің басшысы Тараз қаласының прокуратурасымен бірлесіп, сағат 21.20-да Сүлейманов көшесіндегі зауыттың санитарлық-қорғау аймағын өлшеді. Нәтижесінде фторлы сутегінің едәуір артқаны анықталды. Аммиак, күкіртсутек және көміртегі оксиді бойынша асып кету анықталған жоқ. Сондай-ақ сағат 22.05-те Шайқорық кентінің маңындағы зауыттың СҚА-да ұқсас ластаушы заттарға өлшеу жүргізілді, ластаушы заттардың артуы анықталған жоқ», - деп жазды кәсіпорыннан.
«Қазгидромет» РМК Жамбыл филиалының мәліметінше, қалада ауаның ластануы қалқыма бөлшектер бойынша 1 ШЖК аспайтын деңгейде байқалады. Зертханалық құралдармен қайта жарақтанып, Polar газ анализаторын алған департамент қызметкерлері, соңынан прокуратура мамандары күкірт қышқылы цехының ластаушы заттар шығарындыларының көзінде өлшеулер жүргізу үшін, Кәсіпкерлік кодексінің негізінде «Қазфосфат» минералды тыңайтқыштар ЖШС-на жоспардан тыс тексеруге барды. Өлшеу кезінде цех жұмысын тоқтатып үрлеу бойынша жұмыстар жүргізілді, алайда мұнда да ластаушы заттардың асып кетуі анықталған жоқ.
«Қазіргі таңда, департамент пен «Қазгидромет» мамандары бірлесіп атмосфералық ауаның жай-күйімен сапасына мониторинг жүргізуде. Осы оқиғаға байланысты облыс әкімінің тапсырмасы бойынша экология департаментінің өкілдері құрамына кіретін жұмыс тобы құрылғанын қосымша хабарлаймыз», - делінген ведомствоның хабарламасында.
Басу