Mazir
14 авг 20:31korilim:812 Жаңалықтар

"СК-Фармацияның" бұрынғы басшысы Берік Шәріп 2 айға қамауға алынды


"СК-Фармацияның" бұрынғы басшысы Берік Шәріп екі ай бойы қамауда болады. Бұл туралы «Нұр-Сұлтан» сотының баспасөз қызметі хабарлады.

«Нұр-Сұлтан мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Берік Шәріпке қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын қабылдады», - деді қалалық соттың баспасөз хатшысы Ботагөз Баянова.

Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "СК-Фармацияның" бұрынғы басшысының ұсталғаны туралы хабарлаған болатын.

Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: